Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер

ОҚМПУ студенттері жемқорлыққа қарсы республикалық акцияға қатысушылар сабына қосылды. Бұл іс шара Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің бастамасымен өтті. Оқу ордасының ұстаздары студенттерге "100 нақты қадам" Ұлт жоспары мен 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегия туралы жан-жақты түсіндіріп берді.

  

2018 жылғы 26 қаңтар сағат 11:00-де облыс әкімдігінің және облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің бастамасымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында "Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі - Жолдаудың басым бағыты" атты жаппай бірыңғай сағатына өзіндік үлес қосып қатысты. #ОҚОжемқорлыққақарсы2018#ЮКОпротивкоррупции2018

   

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері жыл сайын 2 рет оқу ордасының басшысы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбай Аяшевпен кездесіп, өздерін толғандырған мәселелерге ашық сұрақ қойып, толыққанды жауап алуға үйренген. Ол жерде оқу, жатақхана төлемақысы, сессия мәселелері, сонымен бірге құқықбұзушылықтың алдын алу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселелері ашық талқыланады.

    

«НұрОтан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық қоғамдық кеңесінің жұмыс тобы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Н.Назарбаев орталығында жастармен кездесті. 

Маңызды басқосуға жұмыс тобының басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахметов Сапар Қайратұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазбекова Меруерт Айтқажықызы, Түркістан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жолдасов Нұрмахан Миятұлы қатысып, партияның аталған бағыттағы бағдарламасы аясындағы атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Олар қоғамдағы келеңсіз жағдайларға қарсы тұруда жастардың рөлі басым екенін атап өтті. Жиында Ууиверситеттің жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі А.Мұсабаева, студенттік ректор Б.Тасболат, белсенді студенттер: Ө.Мүсілім, Б.Тасполат, сөз сөйлеп, оқу орнындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар мен «Таза сессия» штабының жұмысымен таныстырды. Сондай-ақ келелі тақырыпқа байланысты университеттің оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректор Б. Қашқынқызы, «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Қ.Анарбаев, «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті С.Әбубәкіров те өз пікірлерін білдірді.
Қоғамдық кеңес мүшелері университетті аралап, студенттерге жасалып жатқан жағдайларға оң баға берді.

  

Университетте Елбасы Жолдауы аясында «Төртінші өнеркәсіптік революцияға 10 қадам: адами капиталды байыту мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Халықаралық конференцияның пленарлық мәжілісінде ғылым саласына елеулі еңбектерімен үлес қосқан ғалымдар  ҚР ҰҒА президенті,  академик  М.Ж.Жұрынов, филология ғылымдарының докторы, профессор,М.Жолдасбеков, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы,профессор, Ә.М.Омбаев, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰИА академигі  Р.А.Алшанов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.Т.Алдамбергеновалар т.б. ғылыми ізденіс  нәтижелерін  ортаға салады. 

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар қатысқан конференцияның бір секциясы мемлекеттік қызметтің  тиімділігін жетілдіру және жемқорлықпен күрес мәселелеріне арналды.

  

ОҚМПУ студенттері жемқорлыққа қарсы республикалық акцияға қатысушылар сабына қосылды. Бұл іс шара Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің бастамасымен өтті. Оқу ордасының ұстаздары студенттерге "100 нақты қадам" Ұлт жоспары мен 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегия туралы жан-жақты түсіндіріп берді.

Қоғамдық кеңес

Кеңес жоспары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл баяндама